Йемен астанасында Израиль әуе күштерінің шабуылынан 10 адам қаза тапқан.
Тағы 92 адам жараланды. Аль-Джазиира ((Al Jazeera )) телеарнасының ақпаратына қарағанда, ауруханаға түскен 21 науқастың хәлі нашар. Естеріңізде болса, Еврей армиясы Сана қаласына 20-дан аса әуе соққысын жасады. Қираған үйлердің ішінде Президент кешені мен екі электр стансасы және мұнай компаниясына тиесіл ғимарат бар. Израиль әскері нысандардың барлығы әскери мақсатта қолданылған дейді. Ал операцияны хуситтердің Қызыл теңіздегі АҚШ пен өзге елдердің кемелеріне жасаған шабуылына қарымта жауап деп мәлімдеді.
Тегтер #Йемен #Израиль #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz