Вашингтонда Ұлттық гвардия сарбаздары 1 мыңнан аса адамды ұстап, 100-ден аса қару тәркіледі.
Бір лаңкестік ұйымның мүшесі қолға түскен. Бұл туралы АҚШ-тың Бас прокуроры Пэм Бонди мәлімдеді. Таяуда Президент Трамп: «Вашингтонда қылмыс өршіп, қоғамға қауіп төніп тұр, деп, шаһарға 2 мыңнан аса сарбаз кіргізген еді. Бірақ қала мэрі Мюриэл Боузер биыл қалада қылмыс 26%-ға азайғанын айтып, Ақ үй басшысының әрекетіне наразылық білдірген. Ал Трамп әкімшілігі шараны басқа штаттарда да жүргізуге ниетті. Тіпті сарбаздарға қажет жағдайда қару қолдануға рұқсат берді.
Тегтер #АҚШ #Вашингтон #Ұлттық гвардия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz