Ресейлік альпинист Наталья Наговицына екі жетіден бері ас-сусыз жатыр.
12 тамызда аяғы сынып, жүре алмай, шың басында қалып қойған. Бұған дейін ендігі демі үзілген болар деп одан күдер үзгендер де болған. Бір рет тікұшақ маңайлап барған, бірақ альпинисті құтқара алмады. Тікұшақтың өзі құлап кете жаздаған. Бұдан бөлек италиялық әріптесі су мен газ жеткізіп берген еді. Бірақ өкініштісі, ол альпинистің өзі жолда опат болды. Бірер күн бұрын ресми түрде іздеу-құтқару жұмыстары тоқтатылатыны да хабарлнаған. Өйткені бүгіннен бастап ол төңіректе күн райы бұзылады. Бірақ кеше Ресей альпинизм федерациясының мүшесі Анна Пиунова: " 25 тамызда, бір күн ашық болады, соны пайдаланып жаралы альпинист жатқан жерге дрон жіберіп, барлау жасаймыз" деп мәлімдеген еді. Егер мүмкіндік болса еврокоптер арқылы альпинисті төменге алып түсуге қарекет етпек болған еді. Альпинист Наталья Наговицына Қырғызстан мен Қытай шекрасындағы Жеңіс шыңына барар жолда, 7 мың метр биікте жатыр.
Тегтер #Ресей #альпинист #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz