RU
Толық нұсқаға өту

Вьетнамда дауылдан 600 мың адам эвакуацияланды

26.08.2025, 15:26 405

Вьетнамда «Кадзики» тропикалық дауылы соғып, елдің бірқатар өңірінде жаңбыр селдетті.

Екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен дүлей жел Ханойда ағаштар мен электр бағандарын құлатып, үйлердің шатырын ұшырды. Табиғат апатынан 600 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Дауылдан бір адам опат болды. Елде бірнеше әуежай жұмысын тоқтатты. Дауыл Қытайдың Хайнань аралын да ойрандап өтті. Синоптиктер өңірде сел мен көшкін қаупі жоғары екенін ескерткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz