RU
Толық нұсқаға өту

Испанияда жүз адам сальмонеллез жұқтырды

26.08.2025, 16:00 304

Испанияның Мурсия өңірінде 100 адам сальмонеллезбен ауырып қалды.

Кесел елдің оңтүстік-шығысындағы танымал курорттық аймақтың біріндегі қонақ үйде тіркелді. Дертке шалдыққандардың екеуі ауруханаға түсті. Індеттің алғашқы белгілері үш күн бұрын байқалған. Оқиғадан кейін демалыс орнының асханасы уақытша жабылды. Әзірге инфекция қайдан таралғаны белгісіз. Дәрігерлер курорттағы тағамдарды тексеріп, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуге кіріскен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz