АҚШ-тың Миннесота штатындағы жекеменшік мектептердің бірінде атыс болып, 3 адам оққа ұшты.
Тағы 20-ы жараланды. Қайтыс болғандардың ішінде оқ атқан қаскөй бар. Рейтер агенттігінің мәліметіне қарағанда, ол өз-өзіне қол жұмсаған. АҚШ-та 3 күн бұрын жаңа оқу жылы басталды. Күдіктінің неліктен мұндай қылмысқа барғаны белгісіз. Федералды тергеу бюросының қызметкерлері тергеуді бастап кетті. Президент Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайды қатаң бақылап отырғанын айтып, зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілейтінін жазды.
Тегтер #АҚШ #мектеп #атыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz