Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Ирандағы жұмысын қайта жандандырды.
Мұны агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси мәлімдеді. Ұйым инспекторлары кеше Ислам Республикасына барды. Олар АҚШ пен Израильдің әуе шабуылына ұшырамаған ядролық нысандарды көреді. Өткен айда Тегеран халықаралық агенттікті Израильмен 12 күндік соғыстың басталуына кінәлі деп, онымен байланысты тоқтатқан еді. Иран «ұйым өз баяндамасында елдің ядролық бағдарламасына қатысты деректерді бұрмалап, шабуылға түрткі болды», - дейді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Израиль #АҚШ #ИранPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz