RU
Толық нұсқаға өту

Вьетнамда дауылдан 7 адам қаза тапты

28.08.2025, 22:26 346

Вьетнамда «Кадзики» дауылынан 7 адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 34-і жараланды. Апат салдарынан 44 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Шамамен 12 мыңнан астам үй қирап, 1,5 миллионнан астам үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ 85 мың гектардан астам ауылшаруашылық алқаптары зақымданды. Оның салдарымен күреске 350 мыңнан астам маман мен әскери қызметкерлер тартылды. Қазір тайфун Камбоджа мен Мьянмаға қарай бет алып барады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz