Израиль Газа секторының солтүстігіндегі Жабалия қаласында ХАМАС-тың бірнеше жерасты жолын талқандады, деп хабарлайды 24kz.
Еврей армиясының мәліметіне қарағанда, онда ХАМАС-тың бірнеше қару-жарақ қоймасы болған. Сондай-ақ шабуыл кезінде палестиналық қозғалыстың бірнеше мүшесінің көзі жойылды. Бұдан бөлек, Израиль Хан-Юнис қаласында да қарулы операция жүргізіп жатыр. Еврей әскерилері шаһардың шығысы мен батысын байланыстыратын жерасты жолдарына толықтай бақылау орнатпақ. Алайда соңғы бірер күнде Газа секторында ашқұрсақ жүрген 121 бала көз жұмды. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша аштықтан қайтыс болғандар саны 317-ге жетті.
Тегтер #Израиль #Газа секторы #ХАМАС #бомбаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz