Еуроүштік, яғни, Ұлыбритания, Франция және Германия БҰҰ-ның Иранға қарсы санкцияларын қайта енгізуге әзір, деп хабарлайды 24kz.
Бұл қадамға Тегеранның ядролық келісімді бұзуы себеп болды. Кеше Женевада өткен келіссөздерде тараптар Иранның атомдық бағдарламасы бойынша мәмілеге келе алмаған еді. Жоспарланған санкциялар Иранның мұнай, банк және қорғаныс секторларын қамтиды. Тегеран өз кезегінде ядролық бағдарламасын бейбіт мақсатта дамытып жатқанын мәлімдеп, санкцияларға қатаң жауап қататынын ескертті.
Тегтер #Иран #санкция #ядролық келісімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz