RU
Толық нұсқаға өту

Кипрде 10 мың гектар орман жанып кетті

29.08.2025, 19:37 339

Кипрдің оңтүстігінде 10 мың гектар орман алқабы өртенді.

Euronews басылымының мәліметінше, 700 үй қирап, 7 сәулет ескерткішіне зақым келді. Өрт 23 шілдеде тұтанған. Салдарынан  екі адам қаза тауып, 23 адам түрлі дене жарақатын алған. Тілсіз жауды сөндіруге 250-ден астам құтқарушы жұмылды. Жағдайды екпінді жел мен аптап ыстық қиындатып отыр. Аймақта ауа температурасы +44 градусқа дейін көтерілді. Мамандардың айтуынша, алапат орман өртіне тау жотасына тасталған темекі тұқылы себеп болған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz