RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістанда топан судан 17 адам опат болды

30.08.2025, 08:15 407

Пәкістанның Пенджаб провинциясында соңғы қырық жылдағы ең ірі су тасқыны тіркелді, деп хабарлайды 24kz.

Рави өзені арнасынан асып, қасиетті Картарпур Сахиб ғибадатханасын жартылай су астында қалдырды. Ал өңірдің басқа бөліктерінде 1600-ден астам ауылды тасқын жайлады. Салдарынан кемінде 17 адам опат болды, бір миллионнан астам тұрғын эвакуацияланды. Апатқа нөсерлі муссон жаңбыры мен Үндістаннан жіберілген артық су себеп болған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz