Германияда жұмыссыздар көбейіп барады. Кейінгі 10 жылда алғаш рет үш миллион адамнан асты.
«Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша тек тамыз айында шілдемен салыстырғанда 46 мың адамға өскен. Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Бремен мен Берлинде тіркелсе, ең төменгісі Бавария мен Баден-Вюртембергте байқалды. Сарапшылар еңбек нарығындағы бұл үрдісті Covid-19 пандемиясынан кейінгі экономикалық құлдыраумен байланыстырып отыр.
Андреа Налес, Германияның федералдық еңбек агенттігінің президенті:
- Тамыз айында жазғы маусымға байланысты жұмыссыздар саны үш миллионнан асты. Болжамымыз тура келді. Қазір жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Дегенмен, соңғы жылдардағы экономикалық құлдыраудың салдары еңбек нарығында әлі де сезіледі.
Тегтер #Германия #жұмыссыздық #еңбек нарығы #сарапшыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz