RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ-та 14 мыңнан астам босқын елдеріне қайтты

30.08.2025, 14:50 286

АҚШ көші-қон саясатын күшейткелі 14 мыңнан астам мигрант еліне қайтты, деп хабарлайды 24kz.

Олардың 97%-і Венесуэла азаматы. Бұл туралы Колумбия, Панама және Коста-Рика үкіметтері Біріккен ұлттар ұйымының қолдауымен әзірлеген есепте айтылған. Құжатқа сәйкес биыл Дарьен асуы арқылы өткен мигрант саны 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 97%-ке азайды. Екі жыл бұрын бұл жермен 500 мыңнан астам адам өткен еді. Мигранттар еліне көбіне теңізбен оралып жатыр. Сапар құны 280 долларға жуықтайды. Бірақ бұл жерде қауіп те көп. Себебі аймақтарда қылмыстық топтардың ықпалы күшті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz