RU
Толық нұсқаға өту

ШЫҰ Өзбекстандағы өкілдігі фотокөрме өткізді

31.08.2025, 09:10 405

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының мемлекет басшылары кеңесінің 25-ші отырысы орай Ташкентте «Өзбекстан фотомұрағат көзімен» көрмесі өтті. 

Іс-шараны ШЫҰ -ның аймақтық өкілдігі ұйымдастырды. Көрмеге қойылған фотоқұжаттар Өзбекстанның 19-шы ғасырдан бүгінгі күнге дейін жүріп өткен тарихын қамтиды. Узархив мекемесі  сирек кездесетін 127 фотоқұжатты көпшілік назарына ұсынды. Олардың ішінде Бұқара әмірлігі, Хиуа хандығы мен Түркістан автономиясының құрылу кезеңі  қамтылған суреттер бар.

Кабулжон Сабиров, Өзбекстандағы ШЫҰ Халық дипломатиясы орталығының директоры:

- Бұл шара екі бірдей айтулы оқиға алдында өтіп жатыр. Оның бірі Өзбекстан тәуелсіздігіне 34 жыл толса, екіншісі Қытайдың Тяньзинь қаласында мемлекет басшыларының қатысуымен ШЫҰ 25-ші кеңесі өтеді. Оған әлемнің 20-ға жуық президенті келеді деп жоспарланған. Осыған орай Өзбекстан тарихынан сыр шертетін фотоқұжаттарды көпшілік назарына ұсынып отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz