RU
Толық нұсқаға өту

Пәкістанда тасқыннан 1,5 млн адам зардап шекті

31.08.2025, 13:08 484

Пәкістанда 2 мыңнан астам елді мекенді су басты.

Бұл аймақтарда 1,5 млн адам тұрады. Ахуал әсіресе елдің шығысындағы Пенджаб провинциясында күрделі. Қазір Рави өзенінің етегіндегі мекендерден 1 млн-нан аса тұрғын көшірілді. Оның үстіне Үндістан жағынан келген мол су жағдайды қиындатып тұр. Мамандар мұндай тасқын кейінгі 40 жылда болмағанын айтады. Олардың болжамына сүйенсек, жаңбыр әзір тоқтамайды. Яғни жағдай әлі де ушығуы мүмкін. Жалпы жаңбыр маусымы басталғалы Пәкістанда 820 адам опат болған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz