RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-тың саясатын сынады

31.08.2025, 17:18 485

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсаңында Қытай төрағасы Си Цзиньпин БҰҰ-ның Бас хатшысын қабылдады, деп хабарлайды 24kz.

Антониу Гутерриш бір сөзінде астарлап, АҚШ-ты сынап-мінеді. Оның айтуына қарағанда, қазіргі жаһандық саясат көбірек шоуға ұқсап барады.

«Кейде тіпті бизнес пен саясат өзара араласып кетеді», - дейді. Құрама штаттары бұған дейін Біріккен ұлттар ұйымын қаржыландыруды қысқартқан еді. Алайда Си Цзинпинь Қытай ұйымның сенімді серіктесі болып қала беретінін жеткізді.

Бейжің әлемде бейбітшілік пен дамуды және өркендеуді қамтамасыз етуде БҰҰ-ның рөлін қолдауға дайын екенін атап өтті.

Айта кетейік, Антониу Гуттериш Шанхай ынтымақтастық ұйымының екі күндік саммитіне қатысады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz