Берлинде дәстүрлі «Мұражайлар түні» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды 24kz.
Биыл оған 75 музей қатысып, 750-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Олардың ішінде экскурсиялар, музыкалық концерттер мен жарықтық инсталляциялар бар. Бұл түні мыңдаған тұрғын мен қала қонақтары ғылым және өнер әлемімен жақынырақ танысты. Әсіресе, көпшіліктің назарын аударғаны – Германиядағы ең ірі минералдар жинағы сақталған жаратылыстану мұражайы. Онда Қазақстаннан жеткізілген азурит пен алтын қойылған. Бұл құнды үлгілерді XIX ғасырда әйгілі неміс ғалымы әрі саяхатшы Александр фон Гумбольдт әкелген.
Анна, қала тұрғыны
- Мен биология мамандығында оқимын. Сондықтан жаратылыстану мұражайындағы жәдігерлерді көруден керемет әсер алдым. Әсіресе, Қазақстаннан алып келген минералдардың бар екенін көріп ерекше қуандым. Шараның тағы бір артықшылығы – бір ғана билетпен бірнеше музейді көре аласың.
Тегтер #Берлин #экскурсияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz