Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласына Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025-2026 жылдардағы туризм және мәдени астанасы мәртебесі берілді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл шешім кеше өткен саммитте қабылданды. Бағдарлама аясында 2026 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жоспарланған.
«Мәдени астана мәртебесі Чолпон-Атаның халықаралық танымалдығын арттырып, өңірдің мәдени және туристік әлеуетін дамытуға жол ашады», - дейді сарапшылар.
Айта кетейік, бұл атақ жыл сайын ұйымға мүше елдердің бір қаласына беріледі. Былтыр бұл мәртебеге Қытайдың Циндао қаласы ие болған еді.
Тегтер #ШЫҰ #мәдени астана #сарапшыларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz