ШЫҰ мәдени-гуманитарлық салаларға басымдық береді.
Бұл бағыт ұйымның 2035 жылға дейінгі бағдарламасында айқын көрініс тапқан. Сондай-ақ 2021 жылы Өзбекстанның бастамасымен жүзеге асқан халық дипломатиясы институтының да аясы кеңейіп, саяси ұйымдармен атқарылатын біріккен жобалардың саны артпақ. ШЫҰ-ның Өзбекстандағы халық дипломатиясы орталығының өкілдері Қытайда өткен саммит нәтижелері ұйымның одан әрі дамуына тың серпін береріне сенімді.
Дулат Нуркин, тілші:
- Өзбекстан Шанхай Ынтымақтастық ұйымына тек 2001 жылы мүше болды. Мемлекет Ауғанстанмен шектеседі. Демек сол тұстағы көрші елдегі қарулы қақтығыстармен саяси тұрақсыздық Өзбекстанды ШЫҰ мүше болуға итермеледі. Бұл қадамның қауіпсіздік тұрғысынан дұрыс шешім болғанын, саяси сарапшылар жасырмайды. Мемлекет осы күнге дейін ұйымға 4 рет төрағалық еткен. Ал ресми Ташкенттің ұйымдағы белсенділігі тек 2017 жылы басталды. Өзбекстан ұсынған 105 бастаманың 80-і қабылданған. Оның ішінде саяси экономикалық мәдени гуманитарлық салалар бар. Ерекше тоқталатын бастама, бұл ШЫҰ халық дипломатиясы институтының құрылуы. 2017 Өзбекстан президенті ұсынған бастама, 2021 жылы жүзеге асып, ШЫҰ саяси сарапшылар клубы пайда болды. Институт көтерген мәселелер, күні бүгін ұйымның хатшылығында қаралып, үнемі қолдауға ие.
Кабулжон Сабиров, Өзбекстандағы ШЫҰ халық дипломатиясы орталығының директоры:
- Бастапқыда ШЫҰ қорғаныс саласына басымдық берген болса, қазір ол бірнеше бағытты қамтып отыр. Көлік логистикасы, өндірістік кооперациялар мен мәдени гуманитарлық байланыстар мүше мемлекеттердің өзара алыс берісін арттырды. 10 халықаралық ұйым саммитке қатысып, тарихта болмаған жағдай тіркелді. Мұның өзі ШЫҰ деген халықаралық қауымдастықтың көзқарасын білдірсе керек.
Дулат Нуркин, тілші:
- Жалпы Өзбекстан ШЫҰ төрағалық еткен жылдары тарихи шешімдер қабылданған. Мәселен 2016 жылы мемлекет басшыларының қатысуымен Ташкентте ұйымдастырылған саммитте Иран мен Пәкістан Ұйымның толыққанды мүшесі болса, 2022 жылы Самарқанда өткен жиында Иран Ислам Республикасы ШЫҰ мүшесі атанап, ал Беларусьті қатарға қосудың алғы шарттары сол жиында басталған. Жалпы ресми Ташкенттің тағы бір бастамасының біріне тоқталғым келіп тұр. Көршілер Ауғанстанды ұйымға жақынырақ жұмылдырғысы келеді. Сол арқылы аймақтағы қауіпсіздік, экономикалық және көлік логистикалық байланыстарды дамытпақ. Қазір Ауғанстан ұйымда бақылаушы мемлекет статусында екенін айта кеткен жөн.
Тегтер #Шанхай ынтымақтастық ұйымы #Өзбекстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz