RU
Толық нұсқаға өту

Ауғанстанда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 900-ге жетті

02.09.2025, 19:40 369

Ауғанстанның шығысында болған жойқын зілзаладан опат болғандар саны 900-ге жетті.

Тағы 3 мыңнан аса тұрғын жарақат алды. Құтқару топтары тірі қалғандарды әлі де іздестіріп жатыр. Құтқарушылар таулы аймақта орналасқан ауылдарға жаяу баруға мәжбүр. Талибан үкіметі халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады. Ұлыбритания 1 млн 300 мың доллар көлемінде шұғыл қаржы бөлетінін мәлімдеді. Қаржы гуманитарлық ұйымдарға бағытталмақ. Еуроодақ, Қытай, Иран және басқа елдер көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz