Пәкістанда өткен аптадан бері жалғасқан су тасқынынан 87 адам опат болды. Апат аудандарында құтқару операциялары жалғасып жатыр. 900 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Тасқыннан әсіресе, 150 млн тұрғыны бар Пенджаб провинциясы көп зардап шекті. Жергілікті билік табиғат апатына толассыз жаңбырдан бөлек Үндістандағы қоймадан жіберілген су себеп деп отыр. Пәкістанда жаңбырлы мезгіл әдетте маусым айынан басталып, қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Осы аралықта су тасқыны жиілеп, халық көп жапа шегеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Пәкістан #тасқынPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz