Әлем елдері ұлттық климаттың жаңа нұсқасын талқылауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Жоба биыл қараша айының 10-ы мен 11-і аралығында Бразилияның Белен қаласында өтетін COP-30 климаттық саммитте қаралады. Ауқымды іс-шараға 200-ге жуық елдің өкілдері қатысады. Ғалымдардың айтуынша, жаңа жоспарсыз ғаламдық жылынуды тежеу мүмкін емес. Бұдан бөлек, жиында Баку-Белем жол картасы талқыланады. Жобаға сәйкес 2035 жылға қарай климаттық инвестициялар жылына 1,3 триллион долларға жетуі керек. Саммиттің Бразилияда өткізілуінің де себебі бар. Аймақта Жер шарымыздың «өкпесі» саналатын Амазония орналасқан.
Луис Инасиу Лула да Силва, Бразилия президенті:
- Бұл жиын әлем үшін өте маңызды. Қарапайым халық жер бетіндегі экологиялық ахуал туралы біліп, жауапкершілікті сезінуі тиіс. Біз бай мемлекеттердің саммиттерде жылдар бойы беріп келе жатқан уәделерін орындайтын уақыт жеткенін ашық айтамыз. Амазония елдері осы аса маңызды аймақты қорғауға шақырады.
Тегтер #Бразилия #Жаһандық жылыну #саммит #климатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz