RU
Толық нұсқаға өту

Еуропа елдері Украинаға соғыстан кейінгі қауіпсіздік кепілдігін дайындады

04.09.2025, 19:22 434

Еуропа елдері Украинаға соғыстан кейінгі қауіпсіздік кепілдігін дайындады.

Бұл туралы Франция президенті Эммануэль Макрон Парижде өткен Владимир Зеленскиймен кездесуде айтты. Құжат Киев пен Мәскеу бейбіт келісімге келген соң күшіне енуі мүмкін. Оны «ниеттілер коалициясына» кіретін елдердің әскери басшылығы Вашингтонда өткен Украина саммитінен кейін әзірлеген. Кездесуден соң Зеленский, коалиция өкілдері және АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлеседі деп жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz