RU
Толық нұсқаға өту

Берлинде автокөлік бір топ баланы қағып кетті

04.09.2025, 22:00 367

Берлинде жеңіл көлік тәрбиешімен келе жатқан 15 баладан тұратын топқа соғылды.

6 бала жеңіл жарақат алған, ал тәрбиешінің жағдайы ауыр. Бұл туралы жергілікті Bild басылымы хабарлады. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, полиция қызметкерлеріне түсініктеме беруде. Оқиға орны қоршауға алынып, полиция мен өрт сөндіру қызметі жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендердің нақты саны мен оқыс оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz