RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Газа секторындағы бейбіт тұрғындарды бомбалады

05.09.2025, 15:40 509

Газа секторында Израиль армиясы бейбіт тұрғындарды бомбалады, деп хабарлайды 24kz.

Еврей армиясының ұшақтары Газа қаласында уақытша шатырларды атқылаған. 5 адам өлім құшты. Қайтыс болғандардың үшеуі бала. Израиль қала халқын оңтүстікке көшірді. Десе де, шаһардан кетуден бас тартқандар да бар. Қазір Израиль Газа қаласының 40%-ін уысында ұстап отыр. Еврей армиясы ХАМАС-тың әскери нысандарын талқандап жатқанын мәлімдеді. Десе де, Израиль шабуылдарынан осы күнге дейін Газа секторында 63 мың адамның өмірі қиылды. Оларды көбі бейбіт тұрғындар. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz