Грекия мигранттарға қатысты заңды күшейтті.
Енді жаңа тәртіпке сәйкес баспана сұраған мигранттардың өтініші қабылданбаса, оларды түрмеге жабу тәртібі күшіне енбек. Заң жобасын Грекия парламенті мақұлдады. Баспанасы жоқ мигранттардың ел ішінде жүріп тұруы елдің көші-қон саясатына қарсы келетін әрекет болғандықтан заң бұзушылық болып есептеледі. Заң жобасына сәйкес, заңсыз жүргендерді 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы, сондай-ақ 5 мың еуро көлемінде айыппұл салу көзделген. Биыл шілдеде Грекия Парламенті Африкадан теңіз арқылы келетін мигранттардың баспана сұрау өтініштерін үш айға тоқтатқан болатын. Бұған адам құқықтарын қорғау ұйымдары наразалық білдірді.
Тегтер #Грекия #мигрант #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz