Жапонияның Сидзуока префектурасында тайфун салдарынан 24 адам зардап шекті.
Табиғи апат кезінде 200-ден астам ғимарат, соның ішінде тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары қирады. Қатты жел электр желілерін зақымдап, 15 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Нөсер жаңбыр аймақтағы көлік және теміржол жұмысына кедергі келтірді. Синоптиктердің болжауы бойынша тайфун ел аумағынан шығып, шығыс бағытқа Тынық мұхитқа қарай жылжуы мүмкін.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz