АҚШ-та жаңадан ашылған жұмыс орындары азайды, деп хабарлайды 24kz.
Еңбек департаментінің есебінше, тамыз айында 340 миллион азаматы бар Америкада 22 мың ғана жұмыс орны ашылған. Бұл шілдедегі көрсеткіштен 3,5 есе аз.
Сарапшылар: «Биылғы еңбек нарығының баяу қарқынына 2022-2023 жылдары Федералдық резервтің инфляцияны тежеу мақсатында пайыздық мөлшерлемені 11 рет көтеруі себеп», - дейді. Трамптың тариф саясаты да ықпалын тигізген. Соның салдарынан бизнес өкілдері болашағын болжай алмай, жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудан тартынған.
Кевин Хассетт, Ақ үйдің экономикалық кеңесшісі:
- АҚШ-тағы жаңа жұмыс орындарының барлығы қазір жергілікті тұрғындардың есебінен ашылып жатыр. Ал Байден әкімшілігі кезінде олардың шамамен жартысына жуығы мигранттарға тиесілі болатын. Шекарадағы тәртіп қатайып, заңсыз мигранттар ағыны тоқтады. Енді сырттан келетіндер жергілікті тұрғындардың жұмыс орындарын басып алмайды. Сол себепті жалпы еңбек нарығына жаңа жұмыс күшінің келуі айтарлықтай азайып отыр. Жұмыссыздық деңгейі біраз көтерілгені байқалады. Бірақ мигранттардың орнына жергілікті тұрғындар жұмысқа орналасып жатқандықтан, көрсеткіштер оң бағытта өзгереді деп сенеміз.
Тегтер #АҚШ #жаңа жұмыс орындары #еңбек нарығы #Трамп #тариф саясатыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz