RU
Толық нұсқаға өту

Газа секторында бір тәулікте 69 адам қаза тапты

06.09.2025, 18:18 474

Газада Израиль әскери күштерінің соққысынан бір тәулікте 69 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 422-ден астам тұрғын ауыр жарақат алған. Ондаған тұрғын үй қирап, шатырлы лагерьлерге зақым келген.

Соңғы 24 сағат ішінде жергілікті ауруханалар аштық пен дұрыс тамақтанбаудан тағы үш өлім жағдайын тіркеген. Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, аштықтан көз жұмғандардың жалпы саны 376 адамға жеткен. Олардың ішінде 134 бала бар. Ал жалпы қақығыс басталғалы бері Газа секторында 64 300 адам қаза болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz