Tesla-ның роботакси қызметі енді барлығына бірдей қолжетімді.
Бұған дейін робот таксиді тек инвесторлар мен блогерлер пайдаланып келсе, енді кез келген адам арнайы қосымша арқылы шақыра алады. Көлік АҚШ-тың Остин және Сан-Франциско қалаларында қатынайды. Модел уай үлгісіндегі темір тұлпарлар заманауи камера және сенсорлармен жабдықталған. Тоқпен жүретін көлікке 18 жастан асқандар ғана отыра алады. Орташа жолақысы – 4 доллар, теңгеге шаққанда 2000 теңгеден асады. Компания жыл соңына дейін роботаксилер санын 1000-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Жуық арада бұл қызмет Құрама Штаттардың өзге қалаларында да іске қосылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #таксиPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz