Қырғызстанда соңғы 20 жыл бойы бір палаталы Парламент – «Жогорку Кеңеш» қызмет етіп келеді.
Ал 2005 жылға дейін мемлекетте екі палаталы жүйе болған. Ол заң шығарушы орган мен халық өкілдері жиналысынан құралған болатын. 2003 жылы басталған өзгерістер нәтижесінде екі палаталы құрылым таратылып, бір палаталы Парламентке көшті. Кейін депутаттар саны артқанымен құрылым өзгерген жоқ. Сонымен бірге жаңа сайлау моделі енгізіліп, фракциялар мен коалициялар пайда болды. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, «Жогорку Кеңеш» саяси өзгерістер жағдайында өзінің тұрақтылығы мен икемділігін көрсетті. Бұған қоса, шешім қабылдау процестері бұрынғы екі палаталы модельге қарағанда жедел жүзеге асатын болды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қырғызстан #парламентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz