RU
Толық нұсқаға өту

Оңтүстік Корея АҚШ-та ұсталған азаматтарын елге қайтармақ

08.09.2025, 23:13 342

Оңтүстік Корея АҚШ-пен келіссөздерді аяқтап, Джорджия штатында ұсталған өз азаматтарын елге қайтаруға дайындалып жатыр.

Өткен аптада Hyundai зауытында өткен тексеріс барысында АҚШ-та заңсыз жүрген 475 жұмысшы ұсталған болатын. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Корея азаматтары. Президент әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сиктің айтуынша, қажетті рәсімдер біткен соң арнайы ұшақ оларды отанына жеткізбек. Сеул билігі мұндай жағдай қайталанбауы үшін АҚШ-та жұмыс істейтін азаматтарына арналған виза жүйесін жетілдіруді қолға алмақ. Сарапшылардың айтуынша, бұл оқиға екі ел арасындағы шиеленісті күшейтуі мүмкін. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz