Газа тұрғындары Израильдің эвакуация туралы талабына қарсы наразылыққа шықты, деп хабарлайды 24kz.
Жұрт орталық алаңға жиналып, анклавта қауіпсіз жер жоқ екенін мәлімдеді. Израиль билігі болса тұрғындарды оңтүстіктегі гуманитарлық аймақ Әль-Мавасиге көшуге шақырды. Алайда бұл өңір де адамдарға лық толы. Сондай-ақ әуе соққыларының нысанасына іліккен. Сорақысы сол, қақтығыс басталғалы бері Газада 64 мыңнан астам адам қаза тапқан.
Тегтер #Газа секторы #тұрғындар #Израиль #наразылық
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz