Жақында Газа қаласына да ауқымды шабуыл жасалады, деп хабарлайды 24kz.
Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осындай мәлімдеме жасап, палестиналықтарды шаһардан кетуге шақырды. Оның сөзінше, соңғы күндері Израиль әскери-әуе күштері ХАМАС қолданған 50-ге жуық көпқабатты ғимаратты қиратқан. Нетаньяху бұл негізгі операцияның бастамасы ғана екенін мәлімдеді. Билік Газа қаласын толық бақылауға алып, ХАМАС-ты жоюды көздейді. Шабуыл жоспары тамыз айының соңында бекітілгенімен, нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз.
Тегтер #Израиль #Биньямин Нетаньяху #шабуыл #Газа секторы #мәлімдеме #ХАМАСPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz