RU
Толық нұсқаға өту

Суға сұраныс артуы мүмкін

10.09.2025, 08:20 320

Екі жылдан кейін деректер орталықтары тарапынан электр энергиясына жаһандық сұраныс 50%-ға артады. Бұл болжамды Goldman Sachs сарапшылары жасады. Қазір әлем елдері жасанды интеллект саласын жетілдіремін деп бұл салада бірінен-бірі озамын деп жарысып келеді.

Ал оның салмағы алдымен деректер орталығына түседі. Енді осы деректер орталығы толқықанды жұмыс істеуі үшін электр энергиясы қажет. Егер тепе-теңдік сақталмаса, адамзат энергия тапшылығына тап болуы мүмкін. Қазірдің өзінде сұраныс жоғары. 

Деректер орталығына энергия қажет  

Бір ғана дерек орталығы жылына орта есеппен 1 миллион 800 мың адам сияқты көп энергия жұмсайды. Ал қазірде әлем бойынша 10 мыңнан астам орталық жұмыс істеп тұр. Оның тең жартысы АҚШ-қа тиесілі. Ең ірі IT алыптары Alphabet, Amazon, Microsoft және Google былтыр деректер орталықтарын кеңейтуге және жаңартуға 180 миллиард АҚШ доллар көлемінде қыруар қаражат құйды. Google 20 миллиарды күн және жел қондырғыларын көптеп салуға жұмсамақ. Ал Майкрософт Пенсильваниядағы Три миль аралындағы Атом станциясымен электр энергиясын жеткізу туралы келісім жасады, Amazon болса жақында сол штатта атом энергиясымен жұмыс істейтін деректер орталығын сатып алды. Халықаралық энергетикалық агенттіктің бағалауы бойынша, келер жылы мұндай орталықтар жылына 1000 тераватт сағатты тұтынатын болады.

Деректер орталығы – ауқымды ақпаратты өңдеуге, мұрағаттауға және таратуға арналған. Онда серверлік, желілік жабдықты сақтайтын физикалық нысандар бар. Сондықтан ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды.

Суға сұраныс артуы мүмкін    

Деректер орталығының қауіпсіз жұмыс істеуі үшін тек қуат көзі емес, су да қажет. Күн немесе жел энергиясымен салыстырғанда энергия қазба отындарынан алынатын болса, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын су мөлшері айтарлықтай артады. Берклидегі Лоуренс ұлттық зертханасының 2024 жылғы есебінде Америкадағы деректер орталықтары осыдан екі жыл бұрын жылы құрылғыларды салқындату үшін 64 миллиард литр суды тұтынған. Бұл көрсеткіш алдағы 3 жылда төрт есе артуы мүмкін. Бұл ретте, мамандар мұның арты су тапшылығына әкеледі алаңдайды. Өйткені, деректер орталығы пайдаланатын өзен-көлдерден тұрмысқа пайдалану былай тұрсын, ішуге жарамды, ауызсу алынады.  

Еуропа деректерді ғарышта сақтайды

Ал Еуропа, 2036 жылға қарай, сандық деректерді ғарышта сақтауға ниетті. Бұл біріншіден, энергияны үнемдейді. Екіншіден – экологиялық жағынан таза. Үшіншіден – ЕуроОдақ елдерінің ұлттық қауіпсіздігін сақтау. Мамандар осылай дейді. Өйткені Еуропада энергия қазірден тапшы. Деректер орталықтары орбитада шамамен 1400 шақырым биіктікте, яғни спутниктерден жоғары орналастырылады. Тіпті мұхиттардың түбінде орналастыру жоспары да қаралған.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz