RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан - Конго ДР тауар айналымы 4 млн 700 мың доллардан асты

10.09.2025, 08:50 300

Былтыр Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы тауар айналымы 4 млн 700 мың доллардан асты. Мұның ішінде экспорт көлемі 92 мың долларға жуықтады. Конголықтар бізден бақылау-өлшеу құрылғыларын, көлік құралдары мен жабдықтардың беріліс механизмдерін, арматура және жүк контейнері сияқты бұйымдарды сатып алған.

Бұдан бөлек, экспорттық тауар арасында шеге, көлік жөндейтін кілт, бұранда сынды өнімдер бар. Ал импорт 4 млн 600 мың доллардан асты. Басым бөлігі – сирек металдар кені мен концентратына тиесілі. Экспорт пен импорттың арасындағы үлкен айырмашылық осы шикізатқа байланысты қалыптасты. Яғни былтыр Конго біздің елге 4 млн 600 мың доллардың кенін жөнелтті. Сондай-ақ біз кофе, ақпарат өңдейтін машина жабдықтары және пластмасса бұйымдарын сатып алдық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz