RU
Толық нұсқаға өту

Польшаға көмекке жойғыш ұшақтар жіберіледі

11.09.2025, 23:25 421

НАТО елдері Польшаға әскери көмекті күшейтті, деп хабарлайды 24kz.

Мәселен, Франция мен Ұлыбритания Варшаваға жойғыш ұшақтарын жібереді. Ал, Чехия үш МИ-17 тікұшағын аттандырмақшы. Швеция және Нидерланд: «Польшада қосымша әуе қорғаныс құралдарын орналастырамыз», - деп отыр.

Сондай-ақ солтүстік атлантикалық альянс көрші жатқан Литваның да қорғаныс жүйесін күшейтпек. Мұнда Германияның әскері шоғырланатыны белгілі болды. Польша президенті Кароль Навроцкий: «Ресей НАТО-ның әрекет ету тетіктерін тексермек болды», - деп санайды. Ал, Мәскеу: «Біз Польшадағы нысандарды көздеген жоқпыз», - деп қысқа қайырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz