RU
Толық нұсқаға өту

Германия Ресей азаматтарына виза беру тәртібін қатаңдатады

13.09.2025, 07:46 697

Германия Ресей азаматтарына виза беруді қатаңдатуды ұсынды. Бұл бастама Еуроодақтың 19-шы санкциялар пакетіне енгізілген, деп хабарлайды 24kz.

Берлин Еурокомиссияның Шенген визасына шектеу қою жөніндегі ұсынымдарын толық орындауды қолдайды. Германия Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Украинадағы соғыстан кейін ресейліктерге виза беру 90%-ке қысқарған. Дегенмен, өткен жылы, әсіресе, Еуропалық Одақтың оңтүстік елдерінде виза беру қайта артқан. Жаңа санкциялар пакеті 15 қыркүйекте ұсынылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz