Ауғанстанның шығысында болған зілзаладан 2200 адам опат болды, деп хабарлайды 24kz.
Оның 1172-сі балалар. Өткен айдың соңында тіркелген жерасты дүмпулерінен зардап шеккендер саны 500 мыңға жетті. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры мәлімдеді. ЮНИСЕФ 22 миллион доллар көлемінде көмек жоспарын жасап, алдағы алты айда 400 мың адамға, оның ішінде 212 мың балаға қолдау көрсетуді жоспарлап отыр.
Тегтер #БҰҰ #Ауғанстан #зілзала #зардап шеккендер #ЮНИСЕФPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz