RU
Толық нұсқаға өту

НАТО Шығыстағы шебін күшейтеді

13.09.2025, 19:13 401

НАТО-ға мүше елдер Еуропаның шығысындағы шебін күшейтеді.

Сондықтан «Шығыс сақшысы» деп аталатын әскери миссия бастайды. Мұны Солтүстік Атлантикалық альянстың Бас хатшысы Марк Рютте мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, бұл шешім Ресей Польшаға дрондар ұшырғаннан кейін қабылданып отыр. Операция барысында ұшқышсыз аппараттарға тойтарыс беру жағы пысықталмақ. Оған Германия, Франция секілді Еуропаның бірқатар елінің жауынгерлері атсалысады. Украина жаңа технологияға қалай қарсы тұру керектігін жақсы біледі. Сондықтан Президент Владимир Зеленский Варшаваға көмек ұсынып, бірлескен әуе қорғаныс жүйесін құруға шақырды. Еске салайық, 10-қыргүйекте 20-ға жуық ресейлік дрон Польша әуе кеңістігін бұзған еді. Мәскеу «ұшқышсыз аппараттар» ел аумағына  абайсызда кіріп кетті, - деп мәлімдеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz