RU
Толық нұсқаға өту

Йеменде Израиль шабуылынан 10 журналист қаза тапты

14.09.2025, 15:41 448

Йемен астанасына жасалған Израиль шабуылынан кемінде 10 журналист қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.

Тағы бірнеше БАҚ қызметкері жарақат алған. Бұл мәліметті елдің Журналистер одағы жариялады. Жойқын жарылыстан тұрғын үйлер мен Йеменнің екі жетекші басылымы «Аль-Йемен» және «26 қыркүйек» редакциялары орналасқан ғимараттар қираған. Ұйым өкілдері бұл оқиғаны «әскери қылмыс» деп бағалап, халықаралық қауымдастықты әрекет етуге шақырды. Ал ЦАХАЛ дерегінше, соққы хуситтердің бақылауындағы нысандарға бағытталған.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz