Бейжіңде күн райы күрт бұзылып, бұршақ жауды.
Куәгерлердің айтуынша, мұздың кейбір түйіршіктері көгершіннің жұмыртқасындай ірі болған. Тұрғындар табиғаттың тосын мінезін видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөлісті. Бұршақпен қоса нөсер жаңбыр мен қатты жел де соқты. Мэньтоугоу ауданында бір күнде жауын-шашыннның бір айлық мөлшері түскен. Қалада «сары» деңгейдегі ескерту жарияланды. Синоптиктер мұндай ауа райы бірнеше күнге жалғасуы мүмкін дейді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қытай #синоптиктерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz