RU
Толық нұсқаға өту

«Сумуд» флотилиясы Газаға жөнелді

15.09.2025, 10:15 387

Грекияның Эрмуполис портынан «Сумуд» флотилия-сының екі кемесі Газа секторына аттанды. Олар Израиль енгізген теңіз блокадасын бұзуды көздейді. Бортта швед эко-белсендісі Грета Тунберг пен португалиялық саясаткер Мариана Морта-гуа бар.

Сонымен қатар 40-тан астам елден жүздеген белсенді қосылған. Ұйымдастырушылар бұл миссияны бейбіт гуманитарлық шара ретінде сипаттады. Өткен аптада Израиль әскері Тунис портынан шыққан флотилияға дронмен шабуыл жасаған. Ұйымдастырушылар бұл әрекетті миссияны әдейі тоқтатуға бағытталған қысым ретінде бағалап отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz