RU
Толық нұсқаға өту

Польшада НАТО әскерлерін орналастыруға рұқсат берілді

16.09.2025, 07:05 362

Польша президенті Кароль Навроцкий ел аумағында НАТО күштерін уақытша орналастыру жөніндегі резолюцияға қол қойды. Әскердің келуі Солтүстік Атлантикалық альянстың шығыс шекарасын нығайтуды көздейді. «Шығыс сақшысы» деп аталған операция 12-шы қыркүйекте басталған. Бұл шешім Польша әуе кеңістігін дрондардың бұзуы себепті қабылданып отыр. Ал оқиға Варшава мен одақтастар тарапынан Ресейді кіналаумен аяқталғаны белгілі. Ал Мәскеу ұшқышсыз құрылғылар Украина нысандарына бағытталғанын мәлімдеген еді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz