RU
Толық нұсқаға өту

Израиль тағы соққы жасауға әзір

16.09.2025, 10:45 303

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС жетекшілеріне жаңа соққы жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ол бұл жайында Иерусалимде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен келіссөзден кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Нетаньяху ХАМАС-тың Дохадағы штаб-пәтеріне жасалған шабуылды заңды деп атап, 2001 жылғы АҚШ-тағы терактілерден соң қабылданған БҰҰ қарарын еске салды. Құжатта мемлекеттерге террористерді паналатуға тыйым салынған. Сондай-ақ ол Израиль арнайы қызметі ХАМАС мүшелерін әлемнің кез келген жерінде жоюды жалғастыратынын жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz