RU
Толық нұсқаға өту

Әлем елдерінің қарызы көбейді

16.09.2025, 17:36 379

Әлем елдерінің де қарызы көбейді. Биыл алғашқы 3 айда жаһандық несиенің көлемі 324 трлн долларға жеткен.

Халықаралық қаржы институтының дерегі бойынша, бұл алдыңғы көрсеткішке қарағанда 7 жарым трлн долларға көп. Бұл рекорд. Төрткүл дүниедегі қарыздың өсуіне Қытай, Франция және Германия ықпал еткен. Шығыстағы көршіміздің борышы 2 трлн долларға артқан. Бейжіңнің жалпы ішкі өнімге шаққандағы сыртқы берешегі 93 пайызға тең. Жыл соңына дейін 100 пайызға жетуі мүмкін. «Ал Канада, БАӘ және Түркияда, керісінше, борыш деңгейі төмендеген», - дейді сарапшылар. 

Әлем елдерінің қарызы көбейді

2025 жыл - $324 трлн

2024 жыл - $316,5 трлн

Жаһандық қарыздың өсіміне ықпал еткен елдер

Қытай - $2 трлн

Франция - €40,5 млрд

Германия - €14, 3 млрд 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz