Түркияның орталық банкі осы айда негізгі пайыздық мөлшерлемені 43-тен 40,5%-ға төмендетті.
Бұл шешім елдегі инфляцияны төмендетіп, экономиканы тұрақтандыру мақсатында қолға алынған. Соған қарамастан несие алу әлі де қымбат. Бұл жағдай тұрғындар мен кәсіпкерлер үшін қаржылық қиындық туғызып отыр.
Түркияның орталық банкі пайыздық мөлшерлемені төмендеткенімен, жеке тұлғалар үшін коммерциялық банктер ұсынып отырған көрсеткіш әлі де жоғары. Мысалы, 50 мың лира, біздіңше 650 мың теңгені 1 жылға несиеге алсаңыз ең төменгі жылдық пайыздық мөлшерлеме 33,29%. Мұндай сомада банктен қарыз алған тұлға 12 ай бойы 71 мың теңгеден берешегін өтейді. Яғни банктен алған қарызына тағы 200 мың теңге қосып төлейді. Шағын және орта кәсіп иелері үшін де көрсеткіш көңіл көншітпейді. Орталық банк мөлшерлемені осы жылдың шілде айында 55%-ға төмендетті. Бұл дегеніңіз 1 млн лира, біздіңше 13 млн теңге көлемінде 1 жылдық коммерциялық несие үшін ай сайын қарыз алушы 1 жарым млн теңге төлем төлеуге тиіс.Тұтынушылық несиесі бойынша пайыздық мөлшерлеме 67,6%, тұрғын үй үшін 42,6%, ал автонесие 44,6%-ға төмендеді. Соған қарамастан бұл көрсеткіш тұрғындардың қаржылық ауыртпалығын едәуір арттыра түсті. Бұған жоғары инфляция себеп.
Тұтынушылық несие - 67,6%
Ипотекалық несие - 42,6%
Автонесие - 44,6%
Дегенмен мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы пайыздық мөлшерлемесі 37–38% деңгейінде несие алуға болады. Бірақ ол үшін кепілдік қажет. Кей банктерде несие сомасының 80%-ына дейін, енді бірінде мүлік кепілдігі талап етіледі. Түркияның орталық банкі пайыздық мөлшерлемені төмендетуге барынша тырысып жатыр. «Алайда жоғары инфляция несие алу құнын арттырып отыр. Бұл жағдай елдің экономикалық белсенділігін төмендетіп, инвестициялық климатқа әсер етуі мүмкін», - дейді сарапшылар.
Авторы: Әсия Нұрлыбаева
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Түркия #несиеPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz