Израиль халықаралық қысымға тәуелсіз, өзін-өзі қамтамасыз ететін қорғаныс-өнеркәсіптік кешен құрмақ. Биньямин Нетаньяху осындай жоспарын жариялап, шетелдік инвесторларды қаржы құюға шақырды. Оның айтуынша, бұл қадам мемлекеттің қауіпсіздігін күшейтеді және шетелдік шектеулерге мойынсұнбайды.
Нетаньяху Израиль экономикасы соғыс жағдайына қарамастан берік екенін атап өтті. Әрине, оның бұл мәлімдемесі басқа уақытта айтылса жарасып-ақ тұр. Бірақ дәл қазір Израильге біраз ел суық қарайды. Тіпті бірқатары бұларға қару-жарақ саласында санкциялар енгізуді талқылап жатыр.
Тегтер #Израиль #Биньямин НетаньяхуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz