Адамға психологиялық қысым көрсетудің жиі кездесетін тағы бір түрі – диджитал сталкинг. Смартфон мен компьютерге жасырын орнатылатын Stalkerware бағдарламасы арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды 24kz.
Ол адамның жеке әрекетін бақылап, ақпарат жинайды. Бұл көбіне екінші тараптың келісімінсіз, құпия түрде жасалады. Ресми дерек бойынша 2023 жылы ең көп зардап шеккен елдер бестігіне Ресей, Бразилия, Үндістан, Иран және Түркия кірді. Адам құқықтарын бұзып, кісінің жеке бас дерегіне қол сұғатын мұндай цифрлық аңду саны күннен күнге артып келеді. Мамандар одан қорғану үшін құрылғыны үнемі жаңартып отыруды, белгісіз қосымшаларды орнатпауды және вирусқа қарсы сенімді бағдарлама қолдануды ұсынады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz